Армысың, әз Наурыз!
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы”. Ата өсиеті, әже даналығы, әке қамқорлығы, ана мейірімін балалардың жүрегіне жеткізу мақсатында балаларымыз Наурыз мерекесін ата, әже, әке, аналарымызбен бірге қарсы алдық. Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Міндеттері: Ата-әже, әке-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.