G
enby!

Вьетнамда круиздік кеме апатынан 38 адам қаза тапты | Қазақстан жаңалықтары

Вьетнамның солтүстігінде туристер мінген кеме аударылып, 38 адам қаза тапты. Тағы бес адам хабар-ошарсыз кетті. Қайғылы оқиға Оңтүстік Қытай теңізіндегі әйгілі Халонг шығанағында болған. Апатқа кенеттен соққан "Вифа" дауылы себеп. Найзағай ойнап, қатты жел соғып, толассыз жауған жауыннан круиздік лайнер аударылып, суға батып кеткен. Бортта барлығы 53 адам болған. 48 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. Басым бөлігі ел астанасы Ханойдан келген туристер. Іздеу-құтқару жұмыстарына мыңдаған маман жұмылдырылған. Нәтижесінде, 11 адамды аман-есен алып шыққан. Аймақта жағдай әлі де тұрақсыз. Билік жоғары деңгейдегі дауылды ескерту жариялады. Мектептер уақытша жабылды. 500-ге жуық рейс тоқтатылып, тағы 400-і кейінге шегерілген. Қайғылы оқиғаға қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламға жеделхат жолдап, қаза тапқандарға көңіл айтты. 00:00 «ҚазАзот» зауытындағы төтенше жағдай: төрт жұмысшы зардап шекті 00:37 Балалар жаппай уланған бассейннің директоры ұсталды 01:06 Қытай тауарын контрабандамен кіргізгендер сотталды 02:06 Бюджетке 2 миллиард теңге түспеген 02:54 Құмар ойын ойнаған 50 шенеунік жұмыссыз қалуы мүмкін 03:29 Вьетнамда круиздік кеме апатынан 38 адам қаза тапты 04:27 Оңтүстік Кореяда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты 05:07 Сирия мен Израиль мәмілеге келді    • Әйелін азаптаған экс-дипломат 6 жылға сотт...      • Жаңалықтар   Наши социальные сети: Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram -   / atameken.business   Instagram -   / inbusinesskz   Facebook -   / atamekentv.kz   Facebook -   / inbusiness.kz   Tik-Tok -   / atamekenbusiness   «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #digest #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости

Смотрите также