31 июля 2025 г.
Арайлап атқан ақ таңы, Ауылдың ашық аспаны. Жиналып бүгін ел-жұртым, Дүбірлі тойды бастады. Көңілі көкке шарықтап, Әуелеп әні қалықтап, Қуанған елдің мерейін Жырменен тағы тасытсақ. Жиналған халқым бүгінгі, Естісін жарқын үнімді. Еңсесі биік елімнің, Жұмыла көтерген жүгіңді. Кіндікпен саған байландым, Туған жер, сенен айналдым. Жырақтан жыр жолдаған — Азаматыңмын, айнаңмын. Шалқысын көңіл тасысын, Даңқыңды ұлың асырсын. Ауылдастар бұл тойда, Қазынаң түгел шашылсын. Абырой тұрса асқақтап. Бөркіңді лақтыр аспанға ат. Береке бірлігі жарасқан, Елімен Ерің мақтанбақ. Шауқартегі Нұрлан Бәйімбетұлы