Артикльдер. The артикльінің қолданылу жағдайлары (Артикльдер қазақша)
Артикль – зат есімнің алдында қолданылатын сөз немесе оның эквиваленті. Тіпті артикльді ағылшын тілінде сын есім ретінде алып қарастыруға да болады. Оның атқаратын қызметі: Зат есімді анықтаушы. Нақтырақ айтар болсақ, сөйлемде артикль келсе демек одан кейін міндетті түрде зат есім келеді деген сөз. Артикль бізге зат есімнің қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, біз ол зат есім туралы алғаш рет айтып отырмыз ба, әлде жалпылама түрде, не болмаса көптеген зат есімнің ішінен нақты біреуі туралы айтып отырмыз ба, осы секілді мағынада қолданылады. Демек, артикль бізге зат есімнің нақты немесе нақты емес, не болмаса белгілі немесе белгісіз екенін анықтауға көмектеседі. Артикльдің түрлері: Белгілі (белгілілік) артикльлі –the, белгісіздік артикльі – a, an, Нөлдік артикль – (-). Ен алдымен белгілі (белгілілік) –the артикльіне тоқталайық. Ол жекеше түрде, көпше түрде, саналатын зат есімдермен және саналмайтын зат есімдермен де қатар қолданыла береді. Сондай - ақ, осы тақырыпқа байланысты өз біліміңізді тексеру үшін төмендегі сілтемені басып, тест тапсырып көріңіз! https://docs.google.com/forms/d/e/1FA...
Менің телеграмм каналым: https://t.me/azimkhanovb
Instagram парақшам - azzimkhanov