Әлсіздің құқығы неге тапталуда? Түркістандағы былық тоқталар емес
Сарыағаш тұрғыны Нұрлыбай Маймақов редакциямызға шағымданып, әділдік іздеді. Мүгедектігі бар азаматтың айтуынша, көршісі оның жерін иемденіп алған. Бұған қоса, өрт сөндірушілерге арналған арнайы жол — "пожарный выходты" — жарамсыз көліктермен, темір-терсектермен жауып тастаған. Тұрғын бұл жағдайға бірнеше рет ескерту жасаған, бірақ көрші тыңдамайды. Әкімдік те хабардар. Алайда нәтиже жоқ дейді мүмкіндігі шектеулі азамат. Әлсіздің құқығы неге тапталуда? Толығырақ бейне материалда. Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140 #әділдік #шымкент #түркістан_облысы #сарыағаш