Сәтбаев таза қала ма, әлде шаң басқан шаһар ма? | Таза қала
Сәтбаев – кеншілер қаласы, еңбекпен өрілген өмір! Академик Қаныш Сәтбаев із қалдырған аймақтың тазалығын тексердік. Тарихы терең, өндіріспен өркендеген қалада шаң тек жер астында ма, әлде көшеде ме – анықтауға тырыстық. Елу бір мыңнан астам ағаш цифрланып, жасыл желекке ерекше назар аударылған. Бірақ кей аулалар мен тұрғын үйлердің жағдайы көңіл көншітпейді. Құлаудың алдында тұрған үйлер, жертөледегі иіс пен апатты жолдар – шешім күткен мәселе көп. Дегенмен тұрғындар мен кәсіпкерлер қаланы көркейтуге өз үлесін қосуда – балалар алаңы салынып, үздік аулалар марапатталуда.