1 маусым балалар күніне орай өткізілген жалпы республикалық көрсетілім дебат челленджі
Мамырдың 26-сы күні 1 маусым балалар күніне орай жалпы республикалық көрсетілім дебат челленджіне мектебіміздің 10-сынып оқушылары мен дебат жетекшілері қатысып, “Бұл палата балалардың денсаулығы үшін ата-аналарды жауапкершілікке тарту қажет деп есептейді” тақырыбында дебат ойнады. Көрсетілім ойынының мақсаты: Оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, өз әрекеттері үшін өзіне және қоғамға деген жауапкершілікті сезіну, елдегі өзекті жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Дебат жетекшісі: А.Г.Кисымова #БалаларҮніПікірсайыс