G
enby!

Сарыбай Жырау Жоламан1

Сарыбай жырау Өтегенұлы! 3.01.1933 - 24.03.2008 Руы Әлім Төртқара, Жоламан! 1933 жылы қаңтар айының үшінде Қарақалпақстан Республикасы Нөкіс қаласы өңірінде, Қызкеткен елатында дүниеге келген. 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген. Жастайынан өнерге құмар, Сарыбай ата - Руы Әлім Төртқара, Қаракісі Теңізбай жырауға шәкірт болып түседі. 20 жасынан бастап көптеген жиын орталарға шығып өз өнерін паш еткен! Уақыт өте келе Руы Керейтқожа - Жалғасбай жырау Аралбайұлынан бата алады. Өнер жолын осы кезеңдерден бастайды. Наурызбек, Алламберген жыраулармен ортаға шығып жыр, терме мақамдарды сомдап, той мерекелерде жыр-термелерін ұсынады. Казіргі таңда көптеген жырлаған жырлары естелік болып қалды. Мына аудиотаспадағы жазылған термелер, өсиет сөздер және жырлар Сарыбай жырау Өтегенұлының естеліктері!

Смотрите также