G
enby!

Жалдамалы КИЛЛЕР, қатесін түсініп,ӨЗІНІҢ басшысына қарсы шығады | В укрытие 2024 фильм | Кино шолу

В укрытие 2024. Кино басында Сэм және Кэн деген жігіттер ғимараттың үстіне снайпермен жатады.Оларға бұйырылғаны бойынша бір террористі атып түсіру керек. Екеуі нысананы күткенше өмір туралы сөйлесе бастайды.Сэм болса,өзінің атеист екенін айтады.Ал Кэн болса,өлгеннен кейін бірдеңе болуы мүмкін екенін болжап айтады.Осы сұрақта екеуінде келіспеушілік болады.Сөйтіп сөйлесіп жатқанда,керекті нысана пайда болады.Жақсы киінген,қасында күзетшілері бар орта жастағы адам көліктен түседі.Сэм бірден оны нысанаға алып,атып тастамақшы болады.Кенет көліктен бір әйел атып шығып әлгі жігітке жақындайды.Бас кезінде мына екеуі,оның жәй бір көңілдесі деп ойлайды.Бірақ артынан мүмкін әйелі шығар дейді.Кэн болса Сэмге қарап,не күтіп жатсың,тезірек атсаңшы дейді.Осы кезде әлгі әйел,мына екеуін ғимараттың үстінен байқап қалып,Сэм атып қалғанда,өзінің денесін тоса қояды. Әлгі әйел жерде жаралы жатыр.Сэм сонда,мен не істеп қойдым дейді.Егер ол жәй кездейсоқ әйел болса,денесін тосар ма еді дейді.Кэн болса енді жұмысыңды аяқта дейді.Сэм тағы да қаруын алып,керекті нысанадағы жігітті атып түсіреді.Содан кейін бұл екеуі шатырдан кете бастайды.Алайда жаңағы жігіттің қасындағы жеке күзетшілері бері қарай келіп қалыпты.Олар қайтып төбеге көтеріліп,не істейміз,жібек матамен төменге түсеміз бе деп Кэн ойын айтады.Оған Сэм,жоооқ,басқа жол іздейміз дейді.Олар басқа есік арқылы сатыдан түсіп,үйдің ішінде жүреді.Ол жерге күзеттегі адамдар да келіп қалыпты.Екеуі ақырын ғана лифтке кіріп кетіп далаға шығып бірінші қабатпен қашып бара жатқанда,күзеттегі адамдар екеуін қаруға ұстап алады.Сол кезде Сэм өзінің төбелесу өнерімен бәрін құлатады.Одан кейін екеуі бірінші қабаттан бір жүк көлігінің артынан секіреді. Күзеттегілер болса оларды таба алмай қалады.Артынан екеуі жеке ұшақта отырып болған істі талдайды.Сонда Сэм,осы істің қате болғанын айтады. Ол әйел не үшін жанын берді екен.Егер біздің нысанамыз террорист,жаман адам болса,әлгі әйел өзінің денесін тосар ма еді.Біз қателік жасап қойдық дейді.Оған Кэн,мән бермеші оған.Қайтесің бұл нәрсені ойлап,біздің жұмыс тек бұйрықты орындау дейді.Бәрібір де Сэмнің көңілі орнына келмейді. Бір кезде олардың бастығы Тамара деген әйел қоңырау шалады.Сендер жарадыңдар.Бәрі жақсы болды дейді.Оған Сэм ашуланады. Біздің нысанамыз шынымен террорист па?Бізді бұндай жұмысқа енді жұмсама дейді.Тамара болса бәрі жақсы,уайымдама деп қояды.Ұшақ тоқтап,екеуі сосын өздерінің жеке көліктеріне отырады да,үйлеріне кетеді.Арада біраз уақыт өтеді.Сэм болса орманда жүгіріп жүр.Өзі жалғыз қаладан алыс орманда өмір сүріп жүр.Үйінде шаруа жасап жүреді.Қайта қайта оған қоңырау шалынады.Бірақ Сэм тұтқаны көтермейді.Артынан Сэм далаға шығып өзінің қаруын тазалайды.Бір қарап қалса,маңайға қасқыр келіп тұр.Бір көзі қара,бір көзі көк екен.Сэм болса қаруын алып оны атып тастамақшы болады. Бірақ та ойлана келе,қаруын қойып,аңшылығыңды жасай бер дейді.Қайта қайта қоңырау шалынғасын,ол тұтқаны көтереді.Сөйтсе,Тамара екен.Тағы да бір жұмыс бермекші.Ол үшін кездесуге шақырады.Сэм ұшаққа отырып,кейін Кэнмен кездеседі.Кэм ашулы.Неге тұтқаны көтермедің дейді.Олар үшін Тамара жеке көлік жіберіпті.Екеуі жолда сөйлесіп кетіп бара жатыр.Сонда Сэм бұл істен кететінін айтады.Мен болдым. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов

Смотрите также