Азаматтық ауыстыру мен азаматтық позиция. Оқығандар неге Қазақстаннан кетеді? - арнайы репортаж
Ұлыстың командасы Америка Құрама Штаттарынан үлкен шығарылым ұсынады. Назарымызда Америкадағы қазақ ғалымдары мен әлемдік қаржы ұйымдарында еңбек етіп жүрген отандастарымыз, ғылымның күрделі салаларындағы сарапшылар. Вашингтон, Нью-Йорк, Бостон қалаларында тұратын кейіпкерлермен штаттарға көшу тарихы, еңбек жолы, олардың Қазақстандағы саясат пен экономика, елдің бүгіні мен келешегі туралы ойларын сұрадық. Әр кейіпкердің тұжырымы өз алдына ерекше. Мақсатымыз - азаматтарды Америкаға кетуге не Қазақстанға қайтуға үгіттеу емес. Біреуді кінәләу да емес. Тек әлемнің бүгінгі бейнесін қазақтардың көзқарасы арқылы көрсету. Бөлісу, бір сәт тоқтап ойлануға шақыру. Көрейік! Бірінші бөлімнің кейіпкерлері: Олжас Жораев, PHD кандидат (George Mason University ), Дүниежүзілік банкте консультант Наргис Касенова, Гарвард университеті аға ғылыми қызметкері, Дэвис-орталығы Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі Ердос Ордабаев, MIT мен Harvard жанындағы Board Institute ғылыми қызметкері Тілек Зейноллаев, Citadel хэдж-қорында вице-президент Тоғжан Қасенова, саясаттану ғылымдарының докторы, Олбани университетінің аға ғылыми қызметкері Дана Бүкенова, Bloomberg Industry Group сарапшысы. Тайм-кодтар: 00:01 Анонс 03:08 Атом туралы кітап жазуға 15 жылын арнаған Тоғжан Қасенова 06:11 Президент әкімшілігінде 10 жылдан астам жұмыс істеген Олжас Жораев Америкаға неге көшіп кетті? 08:50 Дана Бүкенова атақты Bloomberg-ге қандай қызмет атқарады? 12:50 Citadel хэдж-қорында вице-президенті Тілек Зейноллаевтың қызметі қандай? 15:34 Шетелде грантпен оқып, Board Institute ғылыми қызметкері атанған Ердос Ордабаев 18:15 Гарвард университеті аға ғылыми қызметкері Наргис Қасенова бұл қызметке қалай келді? 23:50 Америкадағы әпкелі-сіңлі Қасеновалардың ғылымға қызығушылығын кім оятты? 30:37 Олжас Жораевтың Қазақстандағы жақсы қызметімен қош айтысып, Америкаға кету себебі неде? 36:09 Қазақстанда жобаларға миллиардтаған ақша бөлінеді, бірақ нәтиже неге көрінбейді? 40:35 “Әлемдік деңгейде ғылыммен айналысу үшін көп қаражат керек” - Ердос Ордабаев 41:22 “Қазақстандағы ғылымның деңгейі мәз емес” - Тоғжан Қасенова 44:27 “Егер Қазақстанда өсу мүмкіндігі болса кадрдар қайтып келеді” - Наргис Касенова 49:15 “Америкадағы сарапшылардың айлығы жылына 200-300 мың доллар” - Дана Бүкенова 50:30 “Мемлекеттік сектор ел ішіндегі шынайы жағдайды білмейді” - Олжас Жораев 53:22 “Мәселелердің шешімі - білім мен тәрбиеде” - Тілек Зейноллаев 58:00 “Назарбаевтың жүйесі толық кеткен жоқ” - Наргис Касенова 01:00:15 “Қаңтар оқиғасынан біз ойлағандай өзгеріс болмады” - Тоғжан Қасенова 01:04:07 “Қазақстан өтпелі кезеңде тұрып қалды” - Олжас Жораев 01:06:12 Табиғи ресурсы мен адами ресурсы жеткілікті Қазақстанның дамуына не кедергі? Дана Бүкенова пікірі 01:10:35 “Тоқаевтың қандай президент екенін уақыт көрсетеді” - Тілек Зейноллаев 01:14:17 Тоқаевтың әлемдік саяси бағдары дұрыс па? Наргис Касенова пікірі 01:19:30 “Қазақстанда ашық және әділ жүйе болуы керек” - Дана Бүкенова 01:22:00 “Америкалық арман барын бәріміз білеміз, ал Қазақстанда қандай идеология бар?” - Тілек Зейноллаев 01:28:20 “Жаным ашиды, Қазақстанға көп нәрсе өзгергенін қалаймын” - Ердос Ордабаев 01:31:08 “Үлкен өзгерістер бірден болмайды” - Наргис Касенова 01:37:30 “Неге тойда коррупция жасаған кісілерді төрге отырғызады” - Тілек Зейноллаев 01:39:30 Шетелде 3 млн-нан аса қазақ тұрады. Оқығандар неге Қазақстаннан кетеді? 01:40:23 “Қазақстанда бірде-бір жұмыс ұсынбады” - Тоғжан Қасенова 01:41:00 “Қазақстаннан жұмысқа ұсыныс түспеді” - Дана Бүкенова 01:43:13 “Олар мен туралы білмейтін де шығар” - Ердос Ордабаев Қазақстаннан ұсыныс түспегені туралы 01:46:10 “Ұлттық банктан жұмыс туралы ұсыныс түскен” - Тілек Зейноллаев 01:51:24 “Қазақстаннан саяси қызметке ұсыныс түседі деп ойламаймын” - Олжас Жораев 01:51:45 “Кәсіби тұрғыда Америкада қалғаным дұрыс” - Наргис Касенова 01:53:16 “Шетелде жүріп те Қазақстанға пайда тигізуге болады” - Олжас Жораев 02:00:40 “Қазақстанға қайтқым келеді, бірақ сұрақ қашан қайтатынымда” - Тілек Зейноллаев 02:04:05 “Қазақстан азаматтығынан бас тарту қиын болды” - Дана Бүкенова 02:08:30 Қазақстаннан көшкісі келетіндегі кеңес: Тоғжан Қасенова 02:13:24 Қорытынды Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз. Читайте нас и подписывайтесь: Сайт ulysmedia.kz Facebook: / samal.ibrayeva Telegram: https://t.me/ulysmediatg
Instagram: @samal.live @ulysmedia.kz @vyhod_k_pravde @ulysmedia.kz Донаты для “Ulysmedia”: +77017932418 Карта Kaspi Gold: 4400 4301 9413 8266 Карта Halyk Bank: 4300 0327 1086 4101 Samal Ibrayeva Kazakhstan #Ulysmedia #қазақстанжаңалықтары