Жасанды интеллекттің дәуірі: Дәрігерлер мен мұғалімдерге орын бар ма?
«Ой-лайық» YouTube арнасының жаңа шығарылымында Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының деректер ғалымы Мамырбек Парахат қонақта болды. Сұхбат барысында жасанды интеллекттің жұмыс жасау жүйесі, оның болашағы мен түрлі салаларға әсері талқыланды. Мамырбек Парахат отандық жобалар мен Қазақстандағы AI-дың даму әлеуеті туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен шектеулері, оның мемлекетке тигізер пайдасы кеңінен сөз болды. 00:00 Анонс 01:20 Таныстыру 03:06 Жасанды интеллект деген не? 04:06 Компьютерлік бағдарлама нерв жүйесінен құралған 07:01 Бес жыл бойы зерттелетін жұмысты AI екі апта ішінде орындап береді 08:17 Қытайда AI көмегімен цифрлы адам жасалған. Ол 24/7 жұмыс істейді 09:06 Қандай мамандықтар дамып, қандай мамандықтар жоғалып кетуі мүмкін? 12:36 AI кей саланың орнын баса алмайды 14:07 Жасанды интелекттің жұмыс жасау жүйесі математикамен тығыз байланысты 19:10 ChatGPT-ден басқа қандай жасанды интеллектке негізделген жобалар бар? 20:34 Қазақ тілін қолдайтын KAZ-LLM ЖИ моделі шығарылды 22:51 Назарбаев университетінде жасанды интеллекті дамыту бойынша арнайы институт жұмыс істейді 24:31 KAZ-LLM басқа модельдерге қарағанда қазақ еліне қатысты сұрақтарға жақсы жауап береді 26:09 ChatGPT бүкіл әлемдік ақпаратты сүзіп шығады 26:56 Soile жобасы аудармаға негізделген 29:36 Қазір кез келген ақпаратты бірден қазақ тіліне аударуға болады 32:34 Жасанды интеллектке сұрақты дұрыс қоя білу керек 35:47 Жасанды интеллект арқылы көптеген дүниелер қазақ тіліне аударылып жатыр 36:33 Қазақстанда жасанды интеллект қалай дамып жатыр? 39:30 Қазақстан мен Қытайдағы мамандарды қолдау айырмашылығы бар ма? 42:05 Қазақстанда адам саны аз болғандықтан, АІ-дың көмегімен өндірістерді әлемдік деңгейде дамуға болады 42:49 AI дамыса, біздің мемлекеттік қуатымыз артады 44:27 АІ адамның орнын баса ала ма? 48:17 Егер АІ дамыса, біз рухани аш қылмаймыз ба? 52:20 ЖИ-ді дамытуға қанша қаражат қажет? 55:54 Microsoft компаниясы 2025 жылы ЖИ-ке 80 млрд.доллар бөлуді жоспарлаған 56:35 ЖИ пайдаланып жүрген жастарға қандай кеңес берер едіңіз? 57:33 Түйін. ЖИ-ді қолданудан қорықпау керек!