ЖАРЫҒЫҢ СӨНБЕСІН! ЖАНАТ БАҚЫТ | тікелей эфир |
"Жоқтан барды жаратқан, барды көбейтіп еселеген, есепсіз ырзық-несібе берген Жаратқаннан жаралған жаратылыстар, Жандарың қайда қалды? Жаратқан өзінен жаралғандарды бөліп-жармайды. Жүректеріңді бүтіндеңдер. "Бөлінген жүрек" барлығын ақ-қараға, жақсы-жаманға бөледі. Жаратқан әрқайсыңның қасыңда, сендерді күтуде. Бөлінуді тоқтатпасаңдар, ой түбіне кетесіңдер. Шырмалған ойларың ескі ойлау жүйесіне алып кетеді. Әрбір істеген іс-әрекеттеріңе мән беріңдер. Жүректерің тыныш па? Кімнен қорқасыңдар? Айналаңның бәрі өзіңсің. Өз-өзіңнен қорқып, өзгеге зияныңды тигізбе. Біреудің жамандығын көрсең - ол өз жүрегіңнің жамандығы. Біреуді қарғағаның - өзіңді қарғағаның, Біреуді жек көргенің - Жаратқанды жек көргенің. Жаратқанның алдында бәрің бірдейсіңдер. Кез келген адамда Жаратқаның бір бөлшегі бар. Біреуді ғайбаттағаның - Жаратқанға тікелей тиеді. Құдайды тапқың келсе, қарым-қатынасыңды жөнде. Себебі айналаңның бәрі - Құдай. Құдайдың жаратқанын жақсы-жаманға бөлетін қайдан шыққан Тәкәппарлық? Есіңді жи, оян!" Жарықтан Жолдау.