Жекешелендіру: үйді тегін рәсімдейтін санат бекітілді. «Әлеумет»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды заңға қол қойды. «Тұрғын үй саясатын реформалау» туралы заң жобасы біраз азаматтың баспана мәселесін оңынан шешіп, шапағаты тиетіні сөзсіз. Себебі құжатта пәтерге мұқтаж азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған нормалар тізіліп жазылған. Тағы бір жаңашылдығы – сіз де мен де, яғни ешбір санатқа енбеген азаматтар енді кезекке тұра аламыз. Ал заңның ең маңызды тұсы осы уақытқа дейін сатып алу құқынсыз үйді алып, ай сайын ақысын төлеген кейбір санатқа жататындар енді бұл үйде тегін жекешелендіре алады. Бұл ретте 30% мөлшерінде бастапқы жарна төлеу қажет #әлеумет #хабар #келешек #мемлекетбасшысы #тұрғынүйсаясатынреформалау #заңжобасы #пәтергемұқтаж #бастапқыжарна #жекешелендіру #үйдітегінрәсімдеу