Директормен шай | Білім жүйесіне өзгеріс керек пе? Нұрмұхаммед Досыбаев
ДИРЕКТОРМЕН ШАЙ🎙️ ✨Бұл сұхбатта қазіргі білім мекемелеріндегі өзекті мәселелер, ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ әкелердің отбасы мен қоғамдағы жауапкершілігі кеңінен талқыланды. Бүгінгі білім сапасы, оқыту жүйесіндегі қиындықтар, ұстаз еңбегінің қадірі мен оқушы тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы шынайы пікірлер айтылды. Ұстаздардың қоғамдағы орны, олардың еңбегіне деген көзқарас пен қазіргі мұғалім мәртебесі де басты тақырыптардың бірі болды. Әсіресе, әкенің бала тәрбиесіндегі орны мен қоғам алдындағы міндеті сөз болды. Тәрбие, құндылық, ұстаз абыройы мен адамдық жауапкершілік — бәрі осы әңгімеде тоғысты. 00:00 Тизер 1:19 Кіріспе. Нұрмұхаммед Досыбаев 4:20 Білім саласындағы мәселелердің шешу жолдары бар ма? 16:16 Қандай мектеп ашылуда? 24:05 Ата-аналарға арнайы жоба жасалды 34:54 Мектептен театр ашылуда 48:53 Шетелде оқу туралы 54:01 Соңы Сілтеме📌 Жүргізуші: Ақмоншақ Нұртаза / aqmonshaq_nurtaza Қонақта: / nurmukhammed_dossybayev