G
enby!

Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған "Дала қызғалдағы" атты концерт

25 ақпан күні Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Дала қызғалдағы» атты концерті өтті. ​Өмірінің 70 жылын сахнада өткізіп, әлемнің 50-ден астам елін аралап талантымен халықты тәнті еткен Роза Тәжібайқызы, Лениннің «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» орденімен марапатталды, еліміз Тәуелсіздік алған соң «Құрмет», «Отан» ордендерімен марапатталып, «Халық қаһарманы» атағына ие болған. ​Дархан даламыздың дәуірлі тұлғасы, ән әлемінің падишасы Роза Бағланованың құрметіне арналған концерт Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Сондай ақ, «Томирис» би ансамблі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ақмарал Ноғайбаева, «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейтова, республикалық байқаулардың лауреаттары Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов Ақылбек Табынбаев, Мақсат Мақұлбеков, Айдос Шадаев, Жания Жанболатқызы, Айгерім Ахметова, Камила Тауекеловалар өнер көрсетіп, Роза апамыздың репертуарындағы әндерін көрермен қауымға тарту етті. Дирижёрі -республикалық дирижёрлар конкурсының лауреаты Руслан Балмасов, концертмейстері –Айнаш Рысдаулетова. Концерттің режиссёрі “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Азиза Издикулова. Дыбыс режиссёрі Марлен Баимбетов.

Смотрите также