G
enby!

Сайрам-Ұғам ұлттық паркі.

Шымкент қаласына поездбен баруға тура келді. Кешкі сағат 5-те Алматыдан шыға, таңғы сағат 7-де оңтүстік қазақстан облысының астанасына келіп жеттік. Шымкентке келісімен Сайрам-Ұғам ұлттық паркі туризм бөлімінің жігіттеріне қосылып, оңтүстік қазақстан облысының тарихи байлықтары мен тұмса табиғатына саяхаттап кеттік. Негізгі белгіленген меже қаладан 150 шақырым аумақта орналасқандықтан, жолға аса көп уақыт кетпеді. Өз кезінде бұл өңір еліміздің нағыз қызып тұрған орталығы еді. Мұнда, көптеген ұлттың достығы жарасып, мемлекетаралық келісімдер шешілген. Тарихи оқиғалардың да куәгері. Сыр шертер сырлы аумақтың неалит пен полеолит заманындағы жайттарына жеке-жеке тоқталу ұзақ әңгіме. Сол себепті, бір ғана, Қасқа бұлақ нысанына тоқталайық. Тастарға салынған петроглифтерге қарап, Тянь-Шань тауының батыс бөлігі біздің заманымызға дейінгі 4 мың жыл бұрын адамзаттың ата қонысы болғандығын дәлелдейді. Тянь-шань тауының батысындағы көптеген ескерткіштер араб жаугершілігінің дәуіріндегі мұра екендігіне көз жеткізесің. Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2 күндік іс-сапарымыз, 2 ай бойы жалғасса да, тарихи мұраларды аралап бітіре алмас едік. Өйткені, еліміздегі бұл өңірдің табиғаты керемет, әрі, өткен ғасырлардан өлмей жеткен мұралар, әлі талай зерттеуді қажет етері сөзсіз. Біздер ұлттық парктің туризм бөліміндегі жігіттерімен қимай қоштастық. Артынша, ғылыми бөлім мамандарына қосылдық. Сайрам-Ұғам ұлттық паркі аумағындағы жабайы жануарлар тізімімен таныспаққа.

Смотрите также