G
enby!

БҰЛ ОҚИҒА ТАҢҚАЛАРЛЫҚ ОСЫНЫ КҮНДЕ АЙТЫҢЫЗ

Ұрланған түйе Бір күні яһудилердің бірі, екі өтірікші куәгер табады да пайғамбарымыздың жанына барып: «Ей, Мұхаммед! Сахабаларыңнан пәлен кісі менің түйемді ұрлап алды. Оны көрген куәлар да бар, міне олар» деп қасындағыларды көрсетеді. Пайғамбарымыз куәлардан сұрағанында “иә, дұрыс айтады” деп оның сөзін растады. Кейін сахабаларынан болған ол кісіні шақыртып оған былай дейді: -Саған шағым түсті. -Не болды, Йа, Расулаллаһ? -Сен осы өткен түнде түйе ұрлапсың. -Мен бе, кімнің түйесін? -Міне, мына яһудидің түйесін. -Ол түйені мен сатып алдым, ұрлағаным жоқ. -Жарайды, ал сенің сатып алғаныңды көрген куәгерлер бар ма? -Йа, Расулаллаһ, мен осы біраз бұрын ғана алдым, әлі ешкім көрген жоқ. -Мына куәгерлер түйенің яһудидікі екендігін айтты. Сондықтан түйе яһудиге беріледі. Осы кезде бұл мүбәрәк сахаба пайғамбарымыздан “Йа, расулаллаһ! маған аз уақыт бересіз бе?”-деп өтінеді. Кейін мешіттің бір бұрышына 2 рәкат намаз оқып, сосын қолын ашып дұға етеді: «Йа, Раббым! Мен күнде жатар алдында пайғамбарымызға 10 салауат оқимын. Йа раббым егер сенің құзырыңда осы оқыған салауаттарым қабыл болған болса, мені бұл қиыншылықтан құтқара гөр! Мен бұл түйені сатып алдым, бірақ куәгерлер яһудидікі екенін айтуда.» Сахаба қайтып келгенінде түйе орнынан тұрып “Йа, расулаллаһ! Бұл яһуди өтірік айтып тұр. Мен мына кісінің түйесімін.” деп тілге келеді. Түйенің сөйлегенін көрген яһуди және куәгерлері қорыққандарынан тұра қашады. Олар кеткеннен кейін пайғамбарымыз мұның себебін сұрағанында сахаба: -Йа, расулаллаһ! Менің бір әдетім бар! Әр түні жатудан алдын сізге 10 салауат айтамын. Аллаһу та’ала бұл 10 салауатты қабыл етіп, түйеге тіл бітірді,-дейді. Сонда пайғамбарымыз былай деді: -Сенің маған әр түні 10 салауат оқығаның үшін Аллаһу та’ала дүниеде кезіңде сені бұл қиыншылықтан құтқарғанына қарағанда ахыретте жаһаннам отынан да құтқарады. Жазбаларда салауат жазу Ислам ұлыларынан Әбу Хафс Қағиди қайтыс болғанда бір адам оны түсінде көріп, оған «Аллаһу та’ала сенімен қандай мәміледе болды?» деп сұрады. «Маған рақымдылық жасап, кешіріп, жаннатқа кіргізді» деді. «Не себептен?» дегенінде «Мені періштелердің арасына тұрғызды. Күнәларым мен расулуллаһқа айтқан салауатымды есептеді. Салауатым көп екен. Аллаһу та’ала оларға «Ей, періштелерім! Істерің бітті. Басқа есеп сұрамаңдар. Оны жұмаққа жіберіңдер» деді»,- деп жауап берді. Сәләфтардан (Исламның алғашқы ғасырларында өткендерден) бірі айтады: «Бірге хадис үйреніп жүрген бір досым қайтыс болды. Түсімде оның жасыл жаннат киімін киіп жүргенін көрдім. Себебін сұрағанымда «Әр хадисте көрген Расулуллаһтың есімдерінің қасына «саллаллаһу алейһи уә сәлләм» деп жазатын едім. Хақ та’ала оның сыйын осылай берді» деді». Әбу Сүләймән Дарани айтады: «Хадис жазғанда, Оның мүбәрәк есімдерін жазған кезде «саллаллаһу алейһ» деп жазып, «уә сәлләм» сөзін жазбайтын едім. Түсімде Оны көрдім. Маған: «Ей Әба Сүләймән, хадисте есімімді жазған кезіңде салатпен бірге «уә сәлләм»-ді де қосып жаз. Ол төрт әріп. Әр әрпінде он сауап бар. Жазбасаң қырық сауаптан айырыласың деген сөз»- деді. Тағы бір адамның да осындай әдеті бар еді. Оған да Расулуллаһ түсінде көрініп, «Саған не болды, салауатты толық жазбайсың?» деген. Әбу Бәкір Сыддық: «Ұмытып қалудан қорыққан адам Расулуллаһқа көп салауат айтсын»- деген. Алла сізден разы болсын! Бүгіннен бастап салауатты үзбей айтатын адамдар қатарынан болыңыз! Әмин! #салауат #мұхаммед #пайғамбар #саляллахууссәләм #қисса #байлық #зікір #түйе #сахаба

Смотрите также