ҮРКЕР. Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі» драмалық шығармалар жинағы
Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі» драмалық шығармалар жинағы 1. Мадина Омарова (драматург) 2. Серік Асылбекұлы: (драматург- жазушы) 3. Алма кәкішова (театр режисері) 01:06 Жүсіпбек Қорғасбек: (жүргізуші) Соңғы уақытта сізді жоғалтып алдық. Не үшін прозадан драматургияға кеттіңіз? 01.55 Мадина Омарова (драматург) Театрға кездейсоқ келдім. Ол кезде тіпті пьеса жазып жүрген адам емес едім. Тіпті театрға жиі баратын адламдардың қатаарында да жоқ болатынмын. 04.08 Жүсіпбек Қорғасбек: (жүргізуші) Мұхтар Мағауиннің «Шахан шерін» сахнаға лайықтаған екенсің, қорыққан жоқсың ба? 04.15 Мадина Омарова (драматург)Жоқ. 17.32 Серік Асылбекұлы: (драматург- жазушы) Анау перінің , шайтанның адамдардың ішкі жан дүниесіне кіріп кетуі, Мадинаның бір ерекшелігі - сондай реалистік, болып жатқан оқиғалардың ішіне жымын білдірмей енгізіп жіберуі шығарманың краскасын, философиясын байытады. Былай кіріктіріу өте қиын. 21.45: Алма Кәкішова (театр режисері) Қасиет деген сөз өте жақсы сөз. «Көмбе нанның дәмінде» сол қасиет бар. Даланың қасиеті, біздің даланың қасиеті, өхалықтың қасиеті.4 баласын жоғалтып жүрген әйел, шалды көрген кездегі « ұят-ай» дейтінің сөзінің өзі… Жалпы біздің ұлытымыздың қасиетінің қадірінің не екенін көрсетейік деген ой болды. 26.58 Серік Асылбекұлы: (драматург-жазушы) Мәдина мен Алманың осындай мифтік сананы біздің қазіргі реалдік өмірімізге белгілі бір дәрежеде соны бір техникалық приемдар етіп пайдалануы ол -реализмді жоққа шығармайды, оны байытады деп ойлаймын, ол діни сананы да жоққа шығармайды. Өйткені біздің өткен жолымыздың бәрі қасиетті. Тек қана діни, ғылыми сана ғана қасиетті емес, мифтік сана да біздің жүріп өткен жолымыз, бабабмыз.. Мадина Омарова (драматург) .. Степан түрмеде өте үлкен жауыздықтар жасайды. Адамның қанынан сурет салады.