ТЕХНОТРЕНД БАҒДАРЛАМАСЫ #AI
#Технотренд #ЖасандыИнтеллект #ЦифрлықБолашақ #AITeachers #DigitalQazaqstan #TechEducation #ЦифрлықСала Білім беру саласы соңғы жылдары жасанды интеллект пен озық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында түбегейлі өзгерістер кезеңін бастан кешіріп отыр. Әлемдік трендтерге сай бұл өзгерістер оқыту әдістемесін жетілдіріп қана қоймай, оқушыларға сапалы білім беруді, сындарлы ойлау мен заманауи дағдыларды қалыптастыруды жаңа деңгейге көтеруде. Осындай білім беру инновацияларын сәтті жүзеге асырып келе жатқан жетекші оқу орындарының бірі - Қызылорда қаласындағы Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты. Мектеп оқушылары жыл сайын халықаралық олимпиадалар мен республикалық білім сайыстарында үздік нәтижелер көрсетіп, өз жетістіктерімен аймақ абыройын асқақтатып келеді. «Технотренд» бағдарламасының арнайы шығарылымында біз лицей директоры Абайбек Сарсенбековпен сұхбаттасып, оқу үдерісінің ерекшеліктері, жасанды интеллект, инновациялық оқыту әдісін білім беру жүйесіне енгізу тәжірибесі және заманауи жобалардың маңызы туралы әңгімелестік.