Шымкенттегі жаңа асфальт жылға жетпей бүлінді
Шымкентте жаңа асфальт жылға жетпей бүлінді. Тассай шағын ауданының тұрғындары көлік қозғалысы қиындап кетті деп отыр. Жаңа жолдың сапасы сын көтермеді. Айбын көшесіне төселген асфальттың алғашқы жауын мен ақ қардан соң ой, шұңқыры шығып жатыр. Қуанышы көпке созылмаған тұрғындар тереңдігі 1 метрдей болатын ойықтардан адам өміріне қауіп төніп тұрғанын айтады. Асфальттың ойық-шұңқыры көбейгенде көлік қозғалысы қиындады. Ал басы ауырып, балтыры сыздаған жанға жедел-жәрдем қызметі жете алмай қаңтарылып қалады. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24