ОҚО бағбандары айваның алғашқы жемісін жинауды көздеп отыр
Қазығұрттық фермерлер Қазақстанда бірінші болып, беке өсіруді қолға алды. Биыл 50 тонна жеміс жинау жоспарда тұр. Шаруашылықта қазір 500 гектар қарқынды бақ бар. Олардан алынған өнімдердің жартысын Ресейге экспорттау көзделіп отыр.