Ұлжан Айнақұлованың «Менің әнім» концерті
Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй... Хакім Абайдың осы бір өлең жолдары Ұлжан Айнақұловаға арналғандай. Оның салған әндері көңілге түрлі ой салары анық. Оның бұлақтың сыңғырындай таза даусы қиялыңызға қанат бітіріп, бар қайғы-мұңыңызды ұмыттырары сөзсіз. Оның орындауындағы «Жылқы ішінде ала жүр», «Дайдидау», «Ах, Самара қаласы» әндерін естімеген жан кемде-кем. Ұлжан Айнақұлованың «Менің әнім» атты жеке ән кешін тамашалыңыздар!