Қабиболла Сыдиықұлы "Ақберені" Адайдың
"Ақберені" Адайдың - ақын, ғалым, әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлы жайындағы баян. 2019 жылдың соңында журналист Алмас Алтай екеуміз бір кеңес шәйдің үстінде отырып бастаған әңгіме осындай үлкен дүниеге ұласты. Маңғыстаудағы Ақбота Жеменей ауылының азаматтары идеямызды қолдап, Астана - Ақтау - Құлсары - Форт-Шевченко - Алматы - Астана бағыттарында он күн сапарлап түсірілім жүргіздік. Фильмнің барлық жұмысына бастан-аяқ көмек берген Бақытжан Беков, Смадияр Төлеубаевқа алғысым шексіз. Ең үлкен алғыс Қабеңнің жары Гүлшат Омарқызына. Қабең - артына мол мұра, үлкен мектеп қалдырған ғалым, бұл фильммен шектелмейді, әлі де зерттеледі деген ойдамыз. Біздің тырнақалды туындыларымыздың бірі ретінде өзіміз үшін де орны бөлек фильм. Бұдан былай да жақсы дүниелер жасай алардай Алла қуат бергей!