КТК: Қазақстан жаңалықтары 21.08.2025
Жүргізуші: Нұргүл Нұрлан (Instagram: @nurgul.nurlanqyzy) ЖАЙ ТҮСТІ Ақмола облысында 10 жасар балаға жай түсіп, қаза тапты. Назағай отына күйіп қалған ағасы ауыр халде жатыр. ҚЫЗМЕТ БАБЫМЕН Шенеуніктер 15-қыркүйекке дейін Aitu ұлттық мессенджеріне көшпек. Ал уатсап пен телеграмды пайдалануға тыйым салына ма? ТОНАП КЕТТІ Түн ортасында терезеден түсті. Алматыда қаскөйлер ерлі-зайыптыларды ұрып -соғып, қақпа орнатамыз деген азын-аулақ ақшасын тонап кеткен. НЕ ІШІП ЖҮРМІЗ? Ұлттық сусын да контрафакт боп шықты. Алматыда танымал сауда маркасының атын жамылып, саумалды астыртын шығарғандар ұсталды. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары