Дос-Мұқасан - Той жыры
Той жыры 1-шумақ: Махаббатың құдірет күші әлдилеп, Екі жастың табыстырған жүрегін. Жастық жалын, асыл арман, ақ ниет Бақыт сыйлап ұсыныпты гүлдерін. Қайырмасы: Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер. Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер. Ән салайық би билейік, би билейік, Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер. 2-шумақ: Бірге аттанып болашаққа, өмірге Тікті бүгін ортамызға отауын. Қуаныш пен шаттық орнап көңілге, Тойламаққа келді бүгін көп қауым. Қайырмасы: Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер. Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер. Ән салайық би билейік, би билейік, Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер. 3-шумақ: Жас шаңырақ болсын бақыт бесігі. Жас жұбайлар, құтты болсын тойларың Кең ашылсын болашақтың есігі Орындалсын арман, тілек, ойларың. Қайырмасы: Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер. Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер. Ән салайық би билейік, би билейік, Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер.