G
enby!

Жанғали Жүзбай - Салтанат ( авторы Төлеген Момбеков) #салтанаткүй

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыздар: Facebook:   / aitystartys.arnasy   Instagram:https://instagram.com/aitystartys?igs...
Телеграм: https://t.me/aitystartysarnasy
Төлеген Момбеков "Салтанат" КҮЙ - адамның жан-дүниесіндегі буырқаныс, толғаныстардың жұмбағына үңіліп, өмірдегі сан түрлі қайшылықтарды суреттеу арқылы пәлсапалық ой түйіп, рухани ізгілік пен адалдыққа шақырады. Көкемнің орындауында көпшіліктің арасында кеңінен танымал Қаратау күй мектебінің өкілі, дәулескер күйші Төлеген Момбековтің "Салтанат" күйі. Бұл күй бүгіндері барша қазақтың журегінен орын алды. Осынау бір күй адамның күні бойы сөзбен айтып жеткізе алмайтын сырын, мұңын тілсіз екі шектің мақамымен әр кеудеге құйып береді. "Салтанат" күйін әр тыңдаған са­йын кеудемізді өксік аралас мұң басып, жүрегімізді сыздататыны, осы күйдің құдіретінен демей не деуге болады?! Күй - Құдірет! Жүрген соң бауырында күнде көріп, Таулардың биіктігі байқалмайды.. Бүгіннен бастап Жанымда жүрген Оригинал күйшілердің орындауындағы күйлерін паракшама салып отырамын деп шештім.. #1 #ЖанғалиЖүзбай – дәулескер күйші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол – шертпе күй мектептеріне байланысты бірнеше педагогикалық және хрестоматиялық еңбектердің авторы. Оның орындауындағы Тәттімбет, Итаяқ, Қыздарбек, Сембек, Бегімсал, Аққыз, Бапыш секілді көптеген халық композиторлары күйлерінің сирек нұсқалары «Мәңгілік сарын», «Қазақтың мың күйі» антологияларына енгізілді. Сонымен қатар ол Сүгірдің, Төлегеннің күйлерін тұпнұсқада шебер орындаушы #Дәстүр @alyakaramukhan -парақшасынан

Смотрите также