Азия чемпионаты: cегіз боксшымыз рингке шығады
Бүгін сегіз боксшымыз жұдырықтасады. Таиланд астанасы Бангкок қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл World Boxing ұйымының 19 және 22 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы құрлықтық жарысы. Оған 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысуда. Бүгін бесінші жарыс күні. #ХабарСпорт #Спорт #Қазақстанспорты