Нұрлан Санжар. Менің атым Қожа
2024 жылы қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр, жазушының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. 30 мамырда С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының кіші залында қазақстанның белігілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың повесі желісімен түсірілген «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, сценарист Нұрлан Санжармен шығармашылық кездесу өтті. @5channelKaraganda