G
enby!

Шынжырлы Сәмен батыр / Деректі фильм / Сәмен Дәненұлы

Сәмен Дәненұлы — қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан қорғап, ерлігімен танылған батырлардың бірі. Оның туғанына биыл 320 жыл толып отыр. Сәмен батыр XVIII ғасырда, қазақ-жоңғар соғыстары шиеленіскен қиын кезеңде өмір сүрді. Бұл соғыс XVIII ғасырдың ортасына дейін жалғасты. Елін қорғау жолындағы күрестің ауыртпалығын тек Сәмен ғана емес, оның ата-бабалары да бастан өткерді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан әскери өнер, батылдық пен тапқырлық қасиеттер жас Сәменге де дарыған еді. Батырлар отбасында тәрбиеленген ол ел басына күн туған шақта жауға қарсы күреске ерте араласты. Ол жоңғарлармен болған шайқастарға 14 жасынан бастап Ботбай руынан шыққан Қоқ батырмен бірге қатысып, ержүректігімен көзге түсті. Кейіннен Төле бидің маңына топтасқан Өтеген, Қойгелді, Рысбек, Елшібек, Құлан, Тілек сияқты батырлармен бірге ел қорғады. XVIII ғасырда жоңғарлар саны мен қару-жарақ жағынан басым болып, қазақтар мен қырғыздарды өз жерінен ығыстырды. Тарихшы Н.Бекмаханованың деректеріне сүйенсек, Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден 150 мыңға жуық қазақ Хиуа мен Қоқанға қарай көшуге мәжбүр болды. 1720 жылы жоңғарлар Ташкент, Сайрам және Түркістанды басып алды. Осы тұста көптеген қазақтар жан сауғалап, Бұхара, Самарқан, Ходжент сияқты аймақтарға көшті. 1723 жыл қазақ халқы үшін аса қиын кезең болды. Жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабданның шабуылы салдарынан қазақ пен қырғыз жұрты ауыр қасіретке ұшырап, ел «Ақтабан-шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған босқындық кезеңді бастан кешті. Сәмен батырдың ауылы да өзге жұртпен бірге үдере көшіп, босқын болды. Осындай қиын сәттерде ол бастаған жасақтар жауға қарсы тұрып, елді қорғай білді. Қазақтар тек қорғанып қана қоймай, қарсы шабуылдар да жасап отырды. 1726 жылы Ордабасыда үш жүздің хандары, билері мен батырлары жиналғанда, Сәмен батыр да қазақ қолбасшыларының бірі ретінде қатысып, ел тағдырына араласты. 1726–1727 жылдары ол Ташкентті азат ету үшін 2000 Ботбай сарбазын бастап соғысқа қатысты. 1756–1758 жылдары қазақтар өз жерін Қытай әскерінен қорғауға шыққанда, Сәмен батыр алғашында Ботбай жасақтарын, кейін Аягөздегі жалпы қазақ шекара әскерлерін басқарды. Бұл кезеңде Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалады. Бұқар жырау Сәменді: «Сәменім, ерім Ботбайым, екі көзі оттайым» деп сипаттаған. ХХ ғасырдың соңына дейін Аягөз маңында «Сәмен ауылы» атты елді мекен сақталып, ол Семей облысының картасына да енген. Instagram: sagynysh_salta Журналист Бакеева Салтанат Ауелхановна

Смотрите также