Жетісу облысында жедел жәрдем қызметі қашан реттеледі?
Жетісу облысындағы Қоңырөлең ауылының тұрғындары жедел-жәрдем қызметі тәулік бойы жұмыс істесе дейді. Себебі жаздан бері елді мекендегі бөлімше таңертеңнен қас қарайғанша ғана қызмет көрсететін болған. Ал түнгі уақытта басы ауырып, балтыры сыздағандар 70 шақырым жерден келетін жедел-жәрдемді сарыла тосуға мәжбүр. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24