G
enby!

Біреуге қайғылы, біреуге күлкілі. Күлгені үшін ескерту алды #шерзатполат

Открытый судебный процесс по делу по обвинению в убийстве Шерзата Полата 15.05.2025г. часть-2 Сотқа қатысқан қыз күлгені үшін судьядан ескерту алды Судья отырысқа қатысушыларды тәртіп сақтауға шақырды. Шерзат ісі: Сотқа қатысқан қыз күлгені үшін судьядан ескерту алдыФото: Видеодан скриншот Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. "Құрметті сот, отырған адамдарға ескерту жасасаңыз. Басына көзілдірік таққан адам сотқа құрметсіздік көрсетіп, күліп отыр. Болмаса ол қызды сот залынан шығарып жіберуіңізді сұраймын", - деді мемлекеттік айыпталушы. Судья сот залында отырған жас қыздан орнынан тұруын сұрады. "Сізге бірдеңе күлкілі болып тұр ма?", - деді судья Ержан Жанұзақов. "Бұл жерде ешкім қарқылдап күлкен жоқ. Күлкілі болғаннан кейін бәрі күлді ғой. Мен ғана күлген жоқ шығармын", - деді отырысқа қатысушы. Судья сот залында отырғандарға ескерту жасап, тәртіп сақтауға шақырды. #шерзатполат

Смотрите также