Депутаттар тоқал алуды заңдастыруды ұсынды
Депутаттар тоқал алуды заңдастыруды ұсынды. Енді елімізде ер азаматтарға еш қысылмай, екінші әйел алуына рұқсат берілуі мүмкін. Халық қалаулылысы Абзал Құспан осылайша, қыз-келіншектердің құқықтарын қорғай аламыз деп отыр. Айтуынша, қоғамда тоқал алу дәстүрі бұрмаланып, бүгінде шынайы тұрмыстық емес, нәпсіге негізделген құбылысқа айналған. Астаналық Әмір Мәуленовтің үш әйелі бар. Келіншектері бір аулада тұрады, бір-біріне қонаққа жиі барады екен. Жарларынан 10 шақты ұл-қыз сүйіп отырған азамат алғашқы некесін 22 жасында қиыпты, ал екінші рет 30 жасында үйленген. Ал, үшінші келіншегін 40 жасында алған. Кейіпкеріміздің айтуынша алғаш рет тоқал алғанда бәйбішесі қарсылық танытқан. Бірақ уақыт өте келе келіскен. ӘМІР МӘУЛЕНОВ, Астана қаласының тұрғыны: Жалғыз менің басымда емес қой енді, қазақ елінде бар. Бірақ дұрыс емес жасалғаннан кейін, жаңағы ақшалы азаматтар немесе дін өкілдерінде де бар осы нәрсе. Бірақ олар жасырып қойғанда осы нәрсені шындықты көрсету керек. Бүгінде «тоқал» ұғымы ойыншыққа айналды. Бірі – нәпсісін жеңе алмай, бірі – қаржылық есеппен, енді бірі – эмоциямен некеге тұрып жүр. Нәтижесінде шаңырақ шайқалып, заңсыз туған балалардың саны артып отыр дейді Тұрар Сәттарқызы. ТҰРАР СӘТТАРҚЫЗЫ, этнограф: Ер азаматтар ерте үйленетін болса, бірінші бәйбішесін жас күнінде алса, тоқалын шамамен 35-40 жасында алатын болған. Ол кезде жас қызды алған. Бірақ бұның бәрі бәйбішенің рұқсатымен алынған. Сонымен қатар ол бәйбішесіне де тоқалына да жағдай жасаған. Одан кейін де тіпті жағдайы келіп жатса, аққолтық дейді, ең соңғысы жас иіс деп 70-80 келген шалдар да алып жатқан. Абзал Құспанның сөзі әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды. Өзі болса, бұл – тек сұхбаттағы жеке пікірі екенін, Мәжілісте мұндай бастама көтеру жоспары жоқ екенін айтты. Бірақ депутат қоғам бұл тақырыпты бәрібір талқылауға тиіс дейді. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #тоқал #31канал