Бір таба нан. Сафуан Шаймерденов. #аудиокітап
Сафуан Шаймерденов шығармашылығын кәсіби түрде зерттеп, саралаған әдебиетшілер төртке бөліп қарастырады: біріншісі – көркем әдебиет, екіншісі – драматургия, үшіншісі – сын, төртіншісі – аударма. 1953 жылы «Болашаққа жол» атты алғашқы романы жарыққа шыққан. Бұл шығарма кейін «Инеш» деген атпен орыс тіліне тәржімаланды. «Қайдасың, Зарина?», «Қыр гүлі», «Әнім сен едің», «Марғау», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Өкіл әке», «Түйе көтерген», «Аруана дүние» пьесалары көптеген қазақ театрларының саханасында қойылып келеді. Алғаш жазушының шығармашылығы туралы пікір айтқан тұлғалар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов. Жас буыннан «талантты жазушы шықты» деп жұрттан сүйінші сұраған екен. Оқуға түсірген де Сәбең болыпты. Сафуан ағамыз Зейнолла Қабдолов, Мырзабек Дүйсенов, Рахманқұл Бердібаев секілді азаматтармен курстас болған. Жары Бағдат Көлұзаққызы Шаймерденкеліні де қатар оқыған екен. Сол таныстық махаббатқа ұласып, кейін үлкен отбасына айналыпты. Өмірінің соңғы жылдарында Шоқан туралы кітап жазсам деген арманы болған. Алайда, ұлынан айрылып қалған соң, қайғы қолына қалам ұстатқызбады. Кейін үш жыл бойы ауырып жатып қалады. Осылайша Шоқан туралы жазылмай қала берген.