Өзге ұлт өкілдерінің құттықтауы
Қазақстан халықтарының бірлігі күні тағы да құтты болсын, ағайын! Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Мерекеге орай, келіп жатқан құттықтаулар мен тілектердің легі толастар емес. Халықаралық дәрежедегі өнер адамдары да, Еліміздегі айтулы мерекені ескеріп, видео-жолдаулар жіберген екен. Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері ана тілімізде жүрекжарды лебіздерін білдіріп, "Алатау" дәстүрлі өнер театрының ұжымын да тілектеріне қосып жатыр. Достығымыздың куәсі болған айтулы мереке тағы да құтты болсын! Бірлігіміз ажырамасын! Видеода: Анна Вундер ҚР Мәдениет қайраткері, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының әншісі. Зарина Хасаншина Халықаралық конкурстардың лауреаты. Қазан мемлекеттік консерваториясының түлегі. Шахрияр Мусаев Халықаралық конкурстардың лауреаты. Әзірбайжан Республикасы. Маргарита Аксенова Республикалық конкурстардың жеңімпазы. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Ишморат Ильбаков Башқұртстан Республикасының халық әртісі. #1мамыр #бірлігімізажырамасын