G
enby!

Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақ аумағынан екінші адамның мәйіті табылды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақ аумағынан екінші адамның мәйіті табылды. Ол іздеуде болған экипаж мүшесі - Бахтияр Ержігітов. Павлодар облысының тумасы бүгін туған мекенінде жерленді. Су қоймасынан бір күн бұрын табылған Нұржігіт Үйсінбаевты да жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Түркістан облысының тумасы бала күнінен ұшқыш болуды армандаған екен. Етегі жасқа толған ұшқыш Нұржігіт Үйсінбаевтың анасы ұлының қазасына әлі де сене алар емес. 9 тамыз күні таңғы жетілер шамасында Сорбұлақтан бір адамның мәйіт табылғанын естіген. 14 күн бойы тікұшақ жоғалған мекенде болған марқұмның інісі Ержігіт ағамды бірден таныдым дейді. ЕРЖІГІТ МЕДЕТОВ, марқұмның інісі: Ағамды таныдым. Келбетін. Сол қалпында жатыр. Судың астынан алып шықты. Тікұшақтың жанынан. Вертолеттің сыртында тұр деді ғой водолаздар....Барам да келемін. Күтіп ал мені деп кеткен жігіт еді. Осылай күтіп алатынын білген жоқпыз ғой оны. Өте жақсы көрді жұмысын. Жұмысы үшін жанын берді ғой. Түркістан облысындағы Ленгір қаласының тумасы Нұржігіт Үйсінбаев бала күнінен ұшқыш болуды армандаған екен. 2010 жылы Ақтөбедегі Әуе қорғаныс күштері әскери институтына түскен. Содан бері тікұшақ тізгінін бермеген майор аспанда мыңдаған сағат ұшқан дейді анасы. МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: Жаңа тікұшақ деп естігенмін. Ұшақтан ақау болады деп сене алмаймын. Жап-жаңа, жап-жақсы-ақ еді. Баламның өзі де өте ұқыпты еді. Жанындай күтетін. Екінші мекені болған соң қастерлеп күтетін. Тікұшағын пір тұтатын. Ақау болды деп ойламаймын. Екінші курстан бері ұшады ғой. 15 жылдан бері ұшады. 15 жылдан бері бір қателігі болмаған. Тәртіп, тазалық пен адалдықты ту еткен Нұржігіт Үйсінбаевпен қоштасуға Қорғаныс министрлігінен әріптестері де келді. Жаназасын оқып болған соң оркестр әуенімен ақтық сапарға шығарып салды. Еске салайық, 25 шілде күні Алматы облысының аумағында әскери тікұшақ ұшты-күйлі жоғалған еді. Болжам бойынша онда 3 адам болған. Екі аптаға созылған іздеу жұмыстары нәтижесінде алдымен техника қалдықтар, кейін екі адамның мәйіті табылды. Ал марқұмның туыстары енді тергеу нәтижесін күтпек. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также