G
enby!

Трамп пен Зеленскийдің жүздесуі: Ақ үйдегі жиынның нәтижесі қандай?

Әлем назарын аударған Ақ үйдегі жиын аяқталды. Нәтижесінде Украина мен Ресей президенттері кездесетін болды. Бұны бітімге келу жолындағы маңызды қадам деп сипаттады сарапшылар. Соғыстың тоқтауын, Украинаға қауіпсіздік кепілдігінің берілуін Вашингтонға арнайы мұхит асып барған еуропалық саясаткерлер де қолдады. Аляскадағы саммиттің жалғасы болған жиын бес сағатқа созылды. Ақ үйдегі кездесу алдымен Трамп пен Зеленскийдің жеке жүздесуінен  басталды. Бір сағатқа созылған диалог барысында Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты реттеуге арналған бейбіт жоспар талқыланды. Дональд Трамп кездесуді оң бағалап, Киев пен Мәскеу арасында бейбіт келісім орнатуға болатынына сенім білдірді. Ал  Владимир Зеленский Ресей және АҚШ президенттерінің қатысуымен үшжақты келіссөздерге дайын екенін айтты.  #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также