G
enby!

Қытайдан атпен шыққан ерлі-зайыптылар Алматы іргесіне жетті

Қытайдан атпен шыққан ерлі-зайыпты Қуанбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы Алматы іргесіне жетті. Бүгіннің Төлегені мен Жібегі атанған жұп алыстағы Тарбағатайдан Арқадағы Астананы көруге келе жатыр. Қуанбек пен Жайнаның ат үстінде жүргеніне бір ай бопты. Ұлттық дәстүрді дәріптеген саяхатшылармен Аршын Кемелжан кездесіп, жөн сұрасып қайтты. Қуанбек пен Жайна Қытайдан Қазақстанға 8 тамыз күні шығыпты. Тарбағатай аймағынан Қорғас бекетіне дейін 900 шақырым жүрген. Оларды ағайын-туыс пен екі ұлы шекараға дейін шығарып салған. Кеден талабына сай өз аттарын арғы бетте қалдырған. Қорғаста басқа жылқыларға мінген. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также