Бөрі туралы бірер әңгіме. Нұртай ТЕКЕБАЕВ @Khabilet
Ауылдағы бір иттің әрдайым жоғалып кететіні әңгіме болды. Сөйтсе, қасқырмен жұптасып жүреді екен. Апаны да жақын маңда болып шықты. Көктемде әлгі ит сонда күшіктеді. Будан бөлтіріктердің үшеуін ауылға алып келдік. Бұлардың мінезі бірінен-бірі бөлектеу жаратылған. Біреуі қолға үйренсе, біреуінің ызақорлығы шексіз дегендей. Ақыры құтаймады, бұл нәсілдер түрлі жағдайда, түрлі мерзімде өліп тынды, – деді аға бір әңгімесінде. @Khabilet