G
enby!

Тренинг: "Сиқырлы сандықша"

Жаттығу шарты: Қатысушылар орындарында отырады. Ортада сиқырлы сандықша тұрады. Қатысушылар жүргізушінің тапсырысымен орындарынан бір-бірден тұрып, сандықшадан сыйлықтарды алып, ортада шеңбер құрып тұрады. Сыйлықтар: ішінде бір жапырақ қағаз бар әртүрлі шарлар. Ол қағазды алу үшін оқушылар шарларын үрлеп, аузын байлау керек. Сонан соң шарларды жүргізуші біртіндеп жарып шығу керек. Шардың ішіндегі қағазда сөздері толық жазылмаған және орнына көп нүкте қойылған (Достык, Отан туралы) мақал-мәтелдер бар. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді дұрыс қойып, сөйлемдерді толықтырып, мақал-мәтелдерді толық айтып бере алулары керек. Мақсаты: Жасөспірімдердің "Достық, батырлық, отан сүйгіштік" туралы ұғымдарын кеңейту, зерделеу қабілетін дамыту, жолдастық, достық қатынастарда әділетті ақыл-парасатпен адал болуға, шыншылдыққа, көпшілікке тәрбиелеу. Оқушының өз ойын еркін айтуға үйрету, сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ой-қиялын, шығармашы- лығын дамыту. Жеке тұлға аралық қарым-қатынастың мүмкіндігін және дағдыларын қалыптастыру. "Мұнара" жаттығуы Мақсаты: Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынастарын нығайта отырып, ұжымда жағымды қарым-қатынас орнату, мұнара құрастыру арқылы мотивация беру. Оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, әдемілік пен әсемдікке үйрету.

Смотрите также