АЛЛО фильмі - ҚЫЗЫҚ TIMES | Сабиркин , Ғазиз Ерболат , Ақболат Утебай | НАЗАР АУДАР Sabirkin
Назар аудар - Қызық Times | Алло фильм | Ғазиз Ерболат Сабиркин Ақболат Утебай | Қызық Live Каналға жазыл / Подпишись на канал / @maratoralgazin Қызық Times бағдарламасында қонақта «Алло» фильмінің басты актерлері – Ақболат Өтебай, Ғазиз Ерболат және Сабира Жарасқызы болды. Бағдарлама басында Сабираға бағдарлама жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек еркелетіп гүл шоқтарын сыйлап, студияны ерекше көңіл-күйге бөлеп жіберді. «Алло» фильмі — Назар Аудар продакшнның үшінші киносы, ал 13 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай аласыздар. Бұл жолғы фильм қазіргі жастарға арналған, драмаға толы, алдыңғы киноларынан стилі бөлек картина. Ғазиз Ерболат үшін, бұл алғашқы басты рөл және алғашқы драмалық образ. Образға кіру үшін ол сақалын қырып, 8 кг салмақ тастағанын да айтты. Бағдарламада әдеттегідей «Краш Тест» айдары өтті.