Ән STORY by ISA «ЖАН ДОСЫМ»
Құрметті көрермендер! «Ән STORY by ISA» жобасының кезекті шығарылымында достық туралы керемет әннің жүрек тебірентерлік тарихына куә боласыздар. Осы оқу жылындағы әсем әуендер мен әсерлі естеліктерге толы жобамызды осы эфирмен аяқтаймыз. Оқу жылы бойы бірге болғандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің әрбір жылы пікірлеріңіз бен қолдау көрсеткен лүпілдеріңіз бізге үлкен шабыт, жаңа серпін сыйлайды. Келесі оқу жылында тың идеялармен, жаңа әндермен және әсерлі сәттермен қайта жолыққанша! Бізбен бірге болған әрбір көрерменге – мың алғыс! ❤️ Идея авторы және жоба жетекшісі: Баянды Мөлдір Жумадиллақызы Бейнережиссер: Умаров Дастан Еркинович Түсірілім және монтаж: Маратұлы Азамат Оралбек Арайлым - 11А сынып оқушысы Дыбыс режиссері: Сұлтанов Жалғас Шаймуратович Редакторы: Касимова Индира Набиоллиевна Мәтінді оқыған: Толеген Адия - 8В сынып оқушысы Әнді орындаған: Даулет Мансур - 7Е сынып оқушысы