G
enby!

Арбатта ес-түссіз күйде жатқан балалар елді шошытты

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Алматының арбатында бір топ кәмелетке толмаған бала ес-түссіз күйде жатқан жерінен көпшілікті шошытты. Олардың бұл әрекетін тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алған. Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерланның айтуынша, екі жасөспірім алкогольді улану белгілерімен балалар қалалық клиникалық ауруханасына жіберілген. Ал кәмелетке толмағандардың бұл заңсыз ісі үшін кімдер жауапқа тартылады? Әріптесім әзірлеген сюжеттен білейік. ГҮЛАЙ АШЕКОВА – тілші: Бұл келеңсіз оқиға осы маңайда болған. Әлі кәмелетке толмаған ұл-қыздар ес-түссіз күйде есеңгіреп жатқан. Олар тіпті өздерінің қайда, кіммен екенін де білмейді. Абырой болғанда, оларды ересек тұрғындар көріп, көмекке келген. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында 5 жасөспірім мас күйінде анықталған және оларға тез арада медициналық көмек көрсетілген. САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК – Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі : -«Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің қалай алкоголь тұтынғаны, кіммен бірге болғаны және спирттік ішімдікті қайдан алғаны анықталуда. Полиция, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен тәртібі үшін бірінші кезекте ата-аналар жауапты екенін ескертеді». Жасөспірімдерді қараусыз қалдырғаны үшін олардың ата-аналарына заңнамаға сәйкес шара қолданылды. Ал балаларға алкоголь сатқандар әлі де іздестірілуде. Олар табылған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 200-ші бабы бойынша жауапқа тартылады. СМАҒҰЛ ФАЙЗУЛЛА – заңгер: Жасөспірімдер және кәмелет жасқа толмағандарға спирттік өнімдер сатқаны үшін 40 АЕК көрсеткіште жауапкершілік көрсетілген. Егер ол қайталанса 80 АЕК дейін жауапкершілікке кәсіпкерлер тартылатын болады. Және бізде кешкі сағат 9-дан ертеңгі сағат 12-ге дейін алкогольдік өнімдер сатуға тыйым салынған. Сол уақытта сатылған болса қосымша әкімшілік жауапкершіліктер көрсетілген. Заңгердің айтуынша, қазіргі таңда телеграм арналарда спирттік өнімдерден де сорақы дүниелерді сататындар көбейген. Оның ішінде синтетикалық есірткі, ұнтақ секілді психотроптық заттар бар. Аталған жәйт бойынша ішкі істер министрлігі есірткі саудалағаны үшін 12 жылға, ал оны аңдаусызда алған жасөспірім 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также