G
enby!

Еліне ардақты азамат

«Әкім бол, халқыңа жақын бол!» Осы қағиданы берік ұстанып, еңбегімен, қарапайымдылығымен жалпақ жұртқа кеңінен танылып, ерекше құрметке бөленген облыс әкімдерінің бірі – Бердібек Сапарбаев. Шығысқазақстандықтардың оған деген ілтипаты ерекше. 2009-2014 жылдары өңірді басқарған уақытта іскерлігімен, біліктілігімен, тиянақтылығымен ел жадында қалған арда азамат биыл 70 жасқа толып отыр. Бердібек Сапарбаев - еліміздегі ең тәжірибелі, беделді саясаткерлердің бірі. Ол 45 жылдай өмірін мемлекеттік қызметке арнаған. Соның ішінде 30 жылдан астам уақыт басшылықта, лауазымды қызметте болған мемлекет және қоғам қайраткері. Бердібек Мәшбекұлы әр жылдары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының әкімі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде басшылық етті. Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне екі рет тағайындалды. Тәжірибесі мол шенеуніктің іскерлігі, біліктілігімен қоса, адамгершілік ізгі қасиеттері де ел аузында. Бердібек Сапарбаев әрдайым қиналған жұрттың қасынан табылып, не көрсе де елмен, жұртпен бірге көрді. Мәселен, 2009 жылы шығысты ауыр қыс пен алапат тасқыннан құтқарып, өлшеусіз еңбек сіңірді. Тынымсыз басшы кабинетінде отырмай, қала-даланы аралап, жергілікті жердің қыр-сырын жетік білген. Жалпақ жұртқа еңбекқорлығымен қоса, қарапайымдылығымен танылды. Бердібек Мәшбекұлы аймақ басшысы болған жылдары облыс орталығында Халифа Алтай мешіті, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры, Жекпе-жек сарайы, олимпиадалық үлгідегі Орталық бассейн, Ольга Рыпакова атындағы жеңілатлетикалық манежі сияқты ірі нысандар бой көтеріп, халық игілігіне берілген. Бердібек Мәшбекұлы қай салада жұмыс істесе де, жоғары нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткізді. Сөзіне берік, ісіне мығым, халыққа жақын тұлға болғандықтан, шығысқазақстандықтар бүгін 70 жасқа толып жатқан бұрынғы облыс әкімін ерекше ілтипатпен еске алып, қатты құрметтейді.

Смотрите также