Мұндай черешня көрген жоқсыздар! Қыр-сыры неде?
Мен бір әңгіме бастайыншы. Болатбек Әлиев деген азамат бар қазақ ішінде. Өзі Түркістан облысының тумасы. 1 600 000 түп ағаш отырғызған. Иә, бір миллион алты жүз мың түп ағаш! Қырғыз бен өзбекке көрші, тура бауырында тұрып алып, намысқа тырысып жатыр. Қазақтың теңгесі Қазақстанда қалуы үшін! Жай тырысып жатқан жоқ, сол екі елден ағылып жатқан жеміс-жидек саласына бәсеке қылып отыр. Меніңше, біздің заманның батырлары осы Болатбек секілді қазақтың жігіттері. Иә, 20 адаммен бірге ортақ іс жүргізіп отыр. Айтпақшы, бұл жер өздерінің меншігінде. Күтімін қараңыздаршы! Алаңсыз шаруасын жасап, байып, берекесін көріп жатыр... Әр қазақ бай болсын!