АУЫЛ АМАНАТЫ | ЖАСТАРҒА ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК
📍 Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық ауылдық округі Мемлекеттік «Ауыл аманаты» жобасы Үшқұдық ауылдық округінде қарқынды жүзеге асып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру, жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру арқылы ауыл экономикасын дамыту. 🔹 «Экоферма Жерұйық» кооперативі – жас кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған ірі жоба. Мұнда 1000 басқа дейін мал бордақылауға арналған база салынып, мемлекеттік қолдау аясында мал сатып алу жоспарланған. 🔹 «Нұрсая Агро» – өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 24 млн теңге қаржы алып, 60 бас ангус тұқымды ірі қара сатып алды. Алдағы мақсат – ет өңдейтін заманауи комбинат салу және өнімді экспортқа шығару. 🔹 «Ерен Еңбек» кооперативі – сою, өңдеу және бордақылау ісін бір орталықта жүргізуді қолға алып отыр. Кооператив құрамына бірнеше жеке шаруашылық қосылып, ауыл азаматтары ортақ іске жұмылуда. 🌱 Бұдан бөлек, кооператив мүшелері өз қаражаттарына көпір салып, құс және балық шаруашылығын дамытуға да ниеттеніп отыр. Бұл – ауылдың әлеуметтік және экономикалық келбетін өзгертіп жатқан нақты қадамдар. 🤝 Жергілікті әкімдік пен ауыл кәсіпкерлерінің ынтымақты еңбегі – өңірдегі оң өзгерістердің айқын дәлелі. «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылға табыс әкеліп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды жақсартып, тұрғындардың болашаққа деген сенімін арттыруда.