G
enby!

Ашаршылық геноцид пе? Оны жазуға цензура бар ма? | Сарапшымен сұхбат

1930-1933 жылдардағы ашаршылық туралы ғылыми еңбек те, естелік те көп сияқты. Бірақ оған баға беру бойынша жүйелі ұстаным бар ма? Оны геноцид деп тануға не кедергі? Тарихшылардың ашаршылық жайлы жазуына цензура бар ма? Саясаттанушы Берікбол Дукеевпен сұхбат осы төңіректегі сұрақтарды қамтыды. 00:00 Ашаршылықтың ұлт тарихындағы орны 06:42 Ашаршылықтың халық жадындағы көрінісі мемлекеттік тарихнамамен сәйкес келе ме? 08:42 Оқулықтар ашаршылықтың шынайы тарихын беріп отыр ма? 11:25 Ашаршылықты саясиландырмау ұстанымының астарында не бар? 14:55 Ашаршылық болмағанда бүгінгі Қазақстан қандай болар еді? 21:50 Совет одағы Ресей отарлауының жалғасы ма, жоқ па? 28:02 Назарбаев кезінде болған тарихты саясиландырмау ұстанымы Тоқаев кезінде де жалғасып жатыр ма? 30:32 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы қандай нәтижеге жетті? 31:02 Ашаршылық геноцид пе? 33:15 Қазақ қоғамы ашаршылықты геноцид деп санай ма? 35:45 Қазақстан тарихын жазуға Ресей ықпал етіп отыр ма? 39:27 Қазақстанның біраз ғалымы Ресейге кіре алмай қалды. Мұның осы мәселеге не қатысы бар? 40:27 Қазақстан тарихын жазуға цензура бар ма? 43:10 Ашаршылық неге Голодомор сияқты халықаралық дәрежеде мойындалмайды?

Смотрите также