Шымкентте 20 жастағы спортшының өліміне қатысты іске нүкте қойылды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Шымкентте 20 жастағы спортшының өліміне қатысты іске нүкте қойылды. Ұлан Есімханға оқ атқан азамат 15 жылға сотталды. Ал, қанды қылмысты жасырған тағы екі айыпталушы үш жылдан жаза арқалап, түрмеге тоғытылды. ЖӘНІБЕК СЕЙІТЖАППАРОВ, судья: Пардабай үйінен шолақ мылтығын алып шығады. Не мақсатта алып шықтың деген сұраққа оларды қорқытып, қорғану үшін дегендей уәжін айтты. Сол мылтықты кейін Бекжан алып, қысқышпен атылатын жағдайға келтіреді. Бекжан қолындағы мылтығымен Төлендінің алдынан мылтығын соза отырып, сол терезеге қарай атады. Ол терезеден ұрып жатқан адамды көріп тұр. Соған қасақана қазаға ұшыратады. Судья айыпталушылардың бұрын-соңды сотты болмағанын ескерген. Сондықтан прокурор сұраған жаза мерзімін қысқартыпты. Еске салайық, сәуір айында қаланың қақ ортасында жігіттер арасында жанжал туындап, соңы атысқа ұласқан еді. Нәтижесінде кездесуге досының шақыртуымен барған Ұлан Есімхан мылтық оғынан ажал құшқан. Марқұм Көкшетаудағы оқу орнын былтыр ғана өрт сөндіру мамандығы бойынша аяқтап, диплом алып келген. Бала күнінен спортпен шұғылданып, таэквондодан Қазақстан чемпионы да атанған. Болашағынан үміт күтіп отырған ата-анасы айдың-күннің аманында қара жамылған еді. Олар кінәлілер тиісті жазасын алды деп отыр. АҚҚЫЗ АБДАЛИЕВА, марқұмның анасы: Көңілім толды. Ойдағыдай. Барлық бала өз жазасын алды. Кінәларын мойындап, кешірім сұрады. Прокурор 17 жыл сұрады. Бірақ 15 жылға кетті өлтірген баламызды. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық