ЛГБТ насихаты заңмен шектелуі мүмкін
Бұдан былай Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық насихаттаған кез келген адам әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл бастама туралы бүгін Парламенттің бірлескен отырысынан кейін мәжілісмен Еділ Жаңбыршин айтты. Депутаттар тағы қандай бастамаларды ұсынды? Қандай салаларды өзгеріс күтіп тұр? Қазақстанда ЛГБТ-ның ашық насихаты бар. Әсіресе әлеуметтік желіде байқалады, дейді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин. Осыған байланысты алдағы уақытта бұл үдерісті шектейтін тиісті заң қабылдануы мүмкін. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24