G
enby!

Жерастында біз білмейтін қандай құпия бар? | Қазақстанның жерастында тағы қандай байлық бар?

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #Еңбекадамы 📌 Бүгінгі мамандық иесі - ГЕОЛОГ Қазақстан – жер қойнауы қазба байлықтарға бай, әлемдегі ең ірі минералдық ресурстарға ие елдердің бірі. Мұндай байлықты тиімді игеру үшін білікті геолог мамандары қажет. Геология – жердің құрылысын, құрамын, даму тарихын және онда өтетін процестерді зерттейтін ғылым. Ал геологтар – осы ғылымның мамандары, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды іздеу, барлау, бағалау және өндіру жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі кейіпкеріміз осы салада ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан жандардың бірі. Қазақстанда геология ғылымының тарихы терең. Ерте заманнан бері адамдар тас, мыс, темір сияқты пайдалы қазбаларды қолданып келген. Бірақ ғылыми тұрғыда геологиялық зерттеулер ХІХ ғасырда басталды. Ол кезде Ресей империясының ғалымдары Қазақстанның геологиялық картасын жасауға және минералдық ресурстарын анықтауға кірісті. Кеңес дәуірінде геология ғылымы қарқынды дамыды. Қазақстанның көптеген аймақтарында геологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, жаңа кен орындары ашылды. Соның нәтижесінде Қазақстан минералдық ресурстар өндіруші ірі республикаға айналды.Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан геология саласын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Геологиялық зерттеулерді жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және білікті мамандарды даярлау – басты міндеттердің бірі. Геологтардың жұмысы далалық жағдайда, экспедицияларда өтеді. Олар тау-тасты аралап, жердің беткі қабатын зерттейді, сынамалар алады, картаға түсіреді. Сонымен қатар, геологтар кеңседе отырып, алынған мәліметтерді талдайды, есептер жазады, кен орындарын бағалайды. Геолог мамандығын игеру үшін жаратылыстану ғылымдарына, әсіресе геология, геофизика, геохимия, минералогия, петрография сияқты пәндерге қызығушылық болу керек.Қазақстанда геолог мамандығын 4 жоғары оқу орындарында алуға болады. Елімізде геологтарға сұраныс жоғары. Геологтар мұнай-газ компанияларында, тау-кен өндіруші кәсіпорындарда, геологиялық барлау ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында және мемлекеттік органдарда жұмыс істей алады. Геолог – Қазақстанның экономикасын дамытуға үлес қосатын маңызды мамандық. "Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер! Инстаграм: https://instagram.com/nartay_aralbayu...
Фейсбук:   / nartai.sarsengaliyev  

Смотрите также