G
enby!

Жаңбырбай Жайлықараұлы – Өзен кенорнын ашушылардың бірі

Бұл сұхбатта осыдан 65-70 жыл бұрын, Маңғыстау жерінде мұнай мен газ іздеу жұмыстарының басталуы, Жетібай мен Өзен жерлерінен алғашқы мұнай мен газ кендерінің ашылуы туралы айтылады. Түпқарағандық қарапайым қойшы Жайлықараның баласы Жаңбырбай ақсақал – Түбіжікте алғашқы скважиналарды бұрғылауға қатысқан, кейін Өзенге қоныс аударған алғашқы барлаушы-бұрғышылардың өкілі. Бүгінде Ақтау қаласында тұрады. Бұл азаматтардың дені бұрғылау ісінің қыр-сырын біршама меңгерген, бұған дейін барлау жұмыстарында шыңдалған мамандар еді. Олардың арасында бұрғышы, көмекші жұмысшылар, дизелистер, көлік жүргізушілері, ауылдық өмірден бірден ауыр өнеркәсіп жұмысына көшкендер, 18-ге енді толған Жәкең сияқты уыздай жастар да болған. Өзенде алғашқы жылдары тұрғын үй-жайлар болмапты, уақытша вагон-барақтарда тұрып еңбек етуге тура келген. Су, азық-түлік, барлық керек-жарақ арнайы көліктермен алыстан тасымалданған. Жазда – аптап ыстық, қыста – өткір жел, құмды боранмен арпалыса жүріп, Өзен сияқты алып кенорын игерілген еді. Бүгінде сол барлаушы-бұрғышылардың есімдері тек естелік кітаптарда ғана қалды, ал олардың сол кездегі жанқиярлық ерлікке бергісіз істері осындай көзі тірі бірен-саран адамдардың жадында ғана сақтаулы. Жаңбырбай ақсақал бүгінде ұлағатты ұл, тәрбиелі қыз өсірген, немерелерінің сыйлы атасы. Қалған тарихты сұхбатты көргеннен кейін білесіздер... Сұхбаттасқан – Киікбай Медеуов.

Смотрите также